Халықаралық интернет-сайыс       Международный интернет-конкурс

Мұхтар Әуезовті оқимыз!                Читаем Мухтара Ауэзова!

Халықаралық интернет-сайыс       Международный интернет-конкурс

«Мұхтар Әуезовті оқимыз!»

халықаралық интернет-сайысы туралы

Ереже

Мақсаты: Қазақстанның бай мәдениетін бейнелейтін әдеби мұрасымен таныстыру. Қазақстандық жас ұрпақтың және басқа елдердің жас оқырмандарының назарын Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылық мұрасына аудару, жазушының шығармаларымен таныстыру арқылы жас ұрпақтың адамгершілік сезімдерін қалыптастыру.

 

Міндеттері:

әлемдік кеңістіктегі қазақстандық әдебиеттің үздік шығармаларына деген жоғары қарым-қатынасқа тәрбиелеу;

жас ұрпақтың жазушының өміріне және шығармашылығына деген қызығушылықтарын дамыту;

сауатты сөйлеу мен оқу дағдыларын дамыту;

әдеби және көркем талғамға тәрбиелеу;

қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

Сайысқа басшылық

1. Сайысқа басшылықты ҚР Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы (ШҚ ОБЖК) іске асырады. Қатысушы кітапханалар аймақтық ұйымдастыру комитеттері мен әділқазылар алқасын құрады, ол сайысты ұйымдастырады және жұмыстарды халықаралық кезеңге іріктейді. Аймақтық әділқазылар алқасының өкілдері Халықаралық әділқазылар алқасына кіреді.

2.  Сайысты ұйымдастыру комитеттері:

-  сайыстың бірінші кезеңінің (аймақтық) нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;

- осы Ереженің сақталуына; сайысты дайындау мен өткізу ережелеріне; жұмыстарды дұрыс бағалауды қамтамасыз етуге жауапты.

3.  Сайыстың Халықаралық әділқазылар алқасы:

- Жеңімпаздарды анықтайды; қатысушыларды марапатқа ұсынады; сайыс жеңімпаздарын дипломдармен марапаттайды.

4.  Сайыс қатысушылары және оны өткізу тәртібі.

1.  Сайысқа 14-20 жас аралығындағы оқырмандар қатысады.

2.  Сайыс екі кезеңде өткізіледі:

1) Бірінші аймақтық кезең 2018 жылдың 4 сәуірінен 30 маусымына дейін жергілікті жерлерде өткізіледі. Сайысқа М.О. Әуезов шығармаларынан үзінділер таңдап алынады.

Қатысушы шығармадан эпизод оқиды, өзінің оқуының бейнежазбасын дайындайды.

Оқу уақыты 3 минуттан артық емес.

Аймақтық әділқазылар алқасы жергілікті жерлерде жеңімпаздарды анықтайды.

2) Екінші Халықаралық кезең – 2018 жылдың 1 шілдесінен 30 тамызына дейін өткізіледі, жеңімпаздардың бейнежазбалары ШҚ ОБЖК-ның http://vkolibrary.kz сайтына, сайыстың арнаулы блогына қойылады, онда ұнаған оқу халықтық дауыс беру арқылы анықталады.

3. Сайыс 4 сәуірде басталады. ШҚ ОБЖК-да сайысқа қатысушы кітапханалармен кездесу телеконференция түрінде өткізіледі.

4. Сайыс қорытындысын 2018 жылдың 30 қыркүйегінде халықаралық әділқазылар алқасы шығарады. Сайыс нәтижесі бойынша I, II, III орындар тағайындалады және халықтық дауыс беру арқылы анықталған жеңімпаздар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталады.

Бағалау критерийлері:

· таңдалған шығарманың қатысушының жасына сәйкестігі. 1-3 ұпай;

· шығарма үзіндісінің мағыналы және бейнелі аяқталуы. 1-3 ұпай;

· орындау сезімталдығы. 1-3 ұпай;

· оқудың мәнерлілігі мен айқындығы, орынды ырғақ және сөйлеу екпіні. 1-3 ұпай.

· шығарма тақырыбының ашылуы (музыкалық сүйемелдеу) 1 ұпай.

Тілдер:

- қазақша

- орысша

- ағылшынша

 

 Бейнежазбалардың техникалық талаптары:

Форматы - MPEG4, AVI

Көлемі - 300 МВ артық емес

Бейнежазбаның ең төменгі мөлшері - 640 х 480 (720 х 480) пикс

Бейнежазбаның ең жоғарғы мөлшері - 1920 х 1080 (1920 х 1080) пикс

Оқу алдында қатысушы өзінің аты-жөнін, үзінді оқылатын шығарма авторын және атауын айтады.

 

Оқуға ұсынылатын Мұхтар Әуезов шығармаларының тізімі:

Әңгімелері:

-  Еңлік-Кебек

-  Қорғансыздың күні

Көксерек

Қаралы сұлу

Жетім

Құм мен Асқар

Повестері:

-  Қараш-қараш оқиғасы

-  Қилы заман

Роман «Абай жолы».  Романнан үзінділер.

Қатысушыларға өздеріне ұнаған М.Әуезовтің басқа шығармаларын алуға болады. 

 

 

 

Ұйымдастыру комитеті


Положение

 о международном интернет-конкурсе

«Читаем Мухтара Ауэзова!»

Цель: знакомство с литературным наследием Казахстана, отражающим его богатую культуру. Привлечение внимания подрастающего поколения казахстанцев и молодых читателей из других стран к творческому наследию Мухтара Омархановича Ауэзова, формирование высокой нравственности молодого поколения через знакомство с произведениями писателя.  

Задачи:

- воспитание ценностного отношения к лучшим произведениям казахстанской литературы в мировом пространстве.

развитие у подрастающего поколения интереса к жизни и литературному творчеству писателя;

развитие навыков грамотной речи и чтения;

воспитание литературного и художественного вкуса;

развитие творческих способностей участников;

 

1. Руководство Конкурсом:

Общее руководство конкурсом осуществляет Восточно-казахстанское областное управление культуры, архивов и документации и Восточно-Казахстанская областная детско-юношеская библиотека (ВК ОДЮБ) Республики Казахстан. Библиотеки-участницы создают региональные  Оргкомитеты и жюри, в функции которых входит организация конкурса на местах и отбор работ на международный этап. Представители региональных жюри входят в Международное жюри.

2. Оргкомитеты Конкурса:

-  анализируют и обобщают итоги первого (регионального) этапа конкурса;

- несут ответственность: за соблюдение настоящего Положения; правил и процедур подготовки и проведения конкурса; за обеспечение объективности оценки работ;

3. Международное жюри Конкурса:

- определяет победителей; рекомендует участников к награждению; награждает победителей конкурса дипломами.

4. Участники и порядок проведения конкурса:

1. В конкурсе принимают участие молодые читатели 14-20 лет.

2. Конкурс проводится в два этапа:

1) Первый этап региональный, проводится на местах с 4 апреля по 30 июня 2018 года. Для конкурсного выступления выбираются фрагменты произведений М.О.Ауэзова.

Участник читает эпизод из произведения, записывает свое чтение на видео.

Длительность чтения не более 3 минут.

Региональное жюри на местах определяет победителей. 

2) Второй этап международный – с 1 июля по 30 августа 2018 года, видео победителей выставляются на сайт ВК ОДЮБ http://vkolibrary.kz, в специальный блог конкурса, где будет проходить народное голосование за понравившееся чтение.

3) 4 апреля будет дан старт конкурса. В ВК ОДЮБ  пройдет общение с библиотеками-участницами в режиме телеконференции.

4) Итоги конкурса будут подведены международным жюри 30 сентября 2018 года. По итогам конкурса будут утверждены  I, II, III места и победители народного голосования, которые получат дипломы и призы.

 

Критерии оценки выступлений:

соответствие выбранного произведения возрасту исполнителя. 1-3 балла;

смысловая и образная законченность фрагмента произведения. 1-3 балла;

эмоциональность исполнения. 1-3 балла;

выразительность и чёткость произношения, уместный ритм и темп речи, логические ударения. 1-3 балла;

оригинальность подхода к раскрытию темы произведения (музыкальное и визуальное сопровождение) 1 балл.

 

Языки:

-  казахский

-  русский

-  английский

 

Технические требования к видео:

Формат видеоMPEG4, AVI

Размер – не более 300 МВ

Минимальное разрешение видео - 640 х 480 (720 х 480) пикс

Максимальное разрешение видео 1920 х 1080 (1920 х 1080) пикс

Перед началом чтения участник называет свою фамилию и имя, автора и название произведения,  фрагмент из которого будет прочитан.

 

Список рекомендуемых произведений Мухтара Ауэзова  для чтения:

Рассказы:

-  Енлик-Кебек

-  Сиротская доля

-  Серый лютый

-  Красавица в трауре

-  Сирота

-  К вершинам

Повести:

-  Выстрел на перевале

-  Лихая година

Роман «Путь Абая».  Фрагменты романа.

Участники могут выбрать другое понравившееся им произведение М.Ауэзова.

   

 

       Оргкомитет.